Павлодарда көлік автобус аялдамасына соғылды: екі адам зардап шекті

Павлодарда көлік автобус аялдамасына соғылды: екі адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2024 22:00 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жүргізуші аялдама келіп соғылды. Салдарынан екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық жол полициясының мәліметінше, жол апаты 14 ақпан күні сағат 14:34-те Назарбаев даңғылында болған.

"БМВ-525 көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік уақытша қамауға алынды. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 ақпанда таңертең Алматыдағы Райымбек даңғылында үш автобус ірі жол-көлік апатына ұшыраған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 14 адам зардап шеккенін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: