Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс спикері "Бердібек Сапарбаев тұлғасы" атты конференцияға қатысты

Мәжіліс спикері "Бердібек Сапарбаев тұлғасы" атты конференцияға қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 17:18 Сурет: Мәжіліс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Бердібек Сапарбаев тұлғасы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Онда Б.Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, үкімет мүшелері мен парламент депутаттары бас қосты. Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.


Мәжіліс спикері , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 17:18

Сурет: Мәжіліс


"Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге", – делінген Президент хатында.


Мәжіліс спикері , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2024 17:18

Сурет: Мәжіліс


Жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат төрағасының орынбасары Ж.Қ.Асанов, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі К.Д.Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б.Көшербаев, Қазақстанның Еңбек Ері Қ.Б.Байменова және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, Бердібек Мәшбекұлы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері жайлы кітаптың тұсауы кесіліп, тағылымды өмір жолы туралы арнайы түсірілген фильм көрсетілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: