45 градусқа дейін аяз: синоптиктер ескерту жасады
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С-қа дейін өте қатты аяз болып, қар жауады. Жел 15-18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында -35-39°С қатты аяз сақталады.
Қызылорда облысында екпіні 23 м/с болатын жел болады. Қызылордада жел 15-20 м/с күшейеді.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Жел 23-28 м/с күшейеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады. Түркістанда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Абай облысының орталығында, оңтүстік-батыста, шығыста бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел 23-28 м/с күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
18 ақпан 21:00-ден 19 ақпан 21:00 дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ауа райының төмен деңгейі туралы ескерту сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап үндеу жолдады.