Атырау облысында жоғалған адамдар табылды

Атырау облысында жоғалған адамдар табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2024 18:21 Cурет: видеодан скриншот
19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары - 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмады.

ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да тартылды.


"ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: