Медеуде денесі табылған ер адамның кім екені белгілі болды
Сурет: видеодан скриншот
Алматыда 23 ақпанында Медеу биік таулы сел бөгетінде биіктен құлаған ер адамның денесі табылды. Ол 19 жастағы Сержан Жәкежан болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лидер" еріктілер қозғалысының айтуынша, өлімнің себебін тергеу анықтап, жария етілмейді.
Бұған дейін полицейлер биік таудағы селден қорғайтын Медеу бөгетінде не болғанын түсіндірді.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ жас жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлаған", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство да мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Семейде полицейлер жоғалып кеткен 13 жастағы қызды тапқанын жазған едік. Абай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың жағдайы жақсы. Оған медициналық көмек қажет емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript