Қарағандыда ломбардтан 7 млн теңгені қолды қылған күдіктіге қатысты іс қозғалды

Қарағандыда ломбардтан 7 млн теңгені қолды қылған күдіктіге қатысты іс қозғалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2024 13:58 Сурет: Zakon.kz
Полицияға қаладағы ломбардтардың бірінің иесі арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, ломбардқа ревизия жүргізу барысында 7 млн теңге ақша жетіспеушілігі анықталған.

Арыз бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұл іске осы мекемеде жұмыс жасайтын 41 жастағы қызметкердің қатысы барын анықтады.

Азаматша материалдық жағдайының болмауына байланысты жалған несиелік келісім шарт және кепіл билетін жасаған. Алайда ол алған қаржыны жабамын деп ойлаған.

Қазіргі уақытта өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін қолды қылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: