Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде екі адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

Пеш, иіс тию, Семей, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2024 10:46 Сурет: Zakon.kz
3 наурызда Семей қаласындағы жеке сектор - Строительный елдімекеніндегі үйде екі адам иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексере келгенде үйдегі қатты отынмен жанатын пештің мұржасы бітелген болып шықты. 

Оқиға орнында Абай облыстық ТЖД-ның бір қызметкері және бір техникасы жұмыс істеді.

ТЖМ пеш жағатын ел азаматтарынан бұл ретте мына ережелерді сақтауды сұрайды:

  • пешті ережелерге сай пайдаланыңыз;
  • мұржаны уақытылы тазалап, желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отырыңыз;
  • пештерді тек мамандарға салдыртып, жөндетіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: