Жетісу облысында отқа оранған пәтерден өрт сөндіруші екі баланы аман-есен алып шықты

Өрт, Жетісу облысы, Үшарал қаласы, көпқабатты тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2024 18:26 Сурет: видеодан алынды
2024 жылы 7 наурызда сағат 10:18-де Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтер отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды". Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланғаны да нақтыланады.

20 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 10:57-де толықтай сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: