Семейдің жартысы интернетсіз қалды
Сурет: Абай облысы ПД
12 наурызда Семейде қатты желдің салдарынан көлік ағыны көп көпірдің қоршау жақтауы жартылай опрылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы ПД-ның мәліметінше, ТЖ салдарынан көпірдегі қозғалыс шектелді.
"Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің (ескі көпір) қолайсыз ауа райына байланысты ұзындығы 15 метр болатын қоршау жақтауы жартылай құлады. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатуына байланысты жаяу жүргіншілердің қозғалысы уақытша шектелді", делінген хабарламада.
Семей қаласы әкімдігі апат салдарынан "Қазақтелеком" АҚ-тың оптикалық байланыс желілері зақымданғанын, соның салдарынан қаланың сол жағалауында интернет жоғалып кеткенін хабарлады.
"Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі", - деп сендіреді әкімдіктегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript