Алматыда цехта алапат өрт болды

Өрт, Алматы, цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2024 18:56 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін сағат 17:10 бастап Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша цехта шыққан өртті сөндіруге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге және көрші үйлерді қорғауға өрт оқпандары қолданылды, өртке қарсы автоцистерналар су көздеріне қосылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. 


"Өрт сөндірушілердің күшімен 500 шаршы метр алаңдағы өрт сағат 18:25-те оқшауланып, 18:40-та толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: