Алматыда жеке секторда алапат өрт болды

Өрт, Алматы, Алатау ауданы, жеке сектор, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 18:58 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 19 тамызда Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбастау көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында өрт болды. Оқиға орнына қалалық ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің шатыры, монша және шаруашылық құрылысы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Яғни, өрт әлдеқашан үлкен аумақты қамтып үлгерген.

Өрт сөндірушілер оттың көршілес тұрғын үйлерге таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады. Өрт оқшауланып, толықтай жойылды.

Қызыл жалын жалпы алаңы 220 шаршы метрді қамтыды. ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: