Алматыда жол апатына ұшыраған көлік ұрланған, ал тізгініндегі жүргізуші мас болып шықты

Жол апаты, Алматы, Райымбек даңғылы, ұрланған көлік, мас, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 17:56 Сурет: Zakon.kz
24 наурызда Алматыда қатты соққы салдарынан екі көлік екі жаққа ұшты. Zakon.kz тілшісі аталған жол апатына қатысты жүргізушілердің бірінің көлікті ұрлап мінгенін әрі мас күйде болғанын біле алды.

 Жол апаты Райымбек даңғылы бойында болған. Volkswagen Jetta автокөлігі батыс бағытта жүріп келе жатып, Өтеген батыр көшесіне жетпей бұрылмақшы болады. 

Сурет: Zakon.kz

Бұрылу кезінде оны Chevrolet Оnix көлігі бар жоғары жылдамдығымен келіп киіп кетеді. 

Жол апаты, ұрланған көлік, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 17:56

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан екі көлік те әртүрлі бағытқа ұшып түскен, салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты, Алматы, ұрланған көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 17:56

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі жол апатына дейін Chevrolet-тің ізіне полиция түскенін, ал аталған көлік Алматы облысында іздеуде болғанын біле алды. Жол апатынан зардап шеккендердің бағына орай жақын маңда жедел жәрдем көлігі тұрған, соның арқасында олар жақын маңдағы ауруханаға тез жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, полицейлер ұрланған көлікті тізгіндеген жүргізушінің мас күйде болғанын, оған қатысты көлікті ұрлап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: