Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды
Сурет: wikimedia
Теміртауда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы 30 наурызда қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті теміртаулықтар, кеше Оң жағалау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты, біз бұл аймаққа ауыз су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, мен төтенше жағдай режимін жарияладым".Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков
ТЖ режимі аясында ауыз сумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданатыны да нақтыланады.
Айта кетсек, 29 наурызда Көкшетауда да төтенше жағдай жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript