Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Атырау облысы, төтенше жағдай режимі, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2024 15:38 Сурет: primeminister.kz
Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бүгін, 2024 жылғы 7 сәуірде қол қойды", делінген Атырау облысының жедел штабы таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 6 сәуірде Атырауға жұмыс сапарымен барған вице-премьер Қанат Бозымбаев жедел штабтың отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеген еді. Ол өзінің бұл шешім Ресейдегі су тасқыны және Атырау облысындағы су тасқынымен күрес іс-шаралары барысында Жайық өзеніндегі су бөгеттерін нығайту қажеттігімен байланысты қабылданғанын айтты. Оның айтуынша, судың Атырауға жетуіне 20 шақты күн қалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: