Еліміздің бес өңірінде республикалық маңыздағы жолдардың жеті учаскесі жабылды

Су тасқыны, жол, жабылды, Ақтөбе, Атырауғ Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 19:12 Сурет: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ еліміздің бес облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелгендігін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуірде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының күрт жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол учаскесін су басты.

Сондай-ақ төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар бес тас жолда (ұзындығы 336 км) ішінара шектеу енгізілді.


"Сағат 16:00 шамасында еріген қар суының салдарынан Маңғыстау облысы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" тас жолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: