Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауға пойызбен жеткен құлсарылықтарды жергілікті таксишілер тегін тасымалдауда

Теміржол вокзалы, Атырау, құлсарылықтар, тегін такси, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 09:45 Сурет: видеодан алынды
Атырауға су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалған Құлсары қаласының тұрғындары жолаушылар пойызымен келіп жетуде. Оларға жергілікті тұрғындар тегін көмек қолын созды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміржол вокзалында Құлсарадан келгендерді волонтерлар, көмек көрсетуге ерік білдірген адамдар қарсы алды.


Құлсарыдан келген 590-дай адамды Мақат ауданының еріктілері теміржолдан күтіп алып, Атырау, Доссор елдімекендеріне тегін жеткізіп жатқаны хабарланады.

Атырау мен Доссордан да келген таксистер құлсарылықтарды тегін әкетіп жатыр.

Айта кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Атыраудың қызыл су басқан Құлсарының кебін киюі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: