Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында су тасқынына байланысты жабылған республикалық маңыздағы тас жол ашылды

Су тасқынына қарсы іс-шаралар, Павлодар облысы, Атамекен - Ертіс - Русская Поляна тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 21:23 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жолдарға су жайылу жағдайының тоқтауы және су тасқынына қарсы жұмыстардың аяқталуына байланысты "Атамекен - Ертіс - Русская Поляна" тас жолында көлік құралдарының қозғалысына енгізілген шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі Ақтоғай, Шарбақты, Тереңкөл аудандарына қарасты елдімекендердегі су тасқынына қарсы үш учаске әлі бақылауда екенін нақтылайды. Онда су тасқынына қарсы жұмыстар аяғына жетіп қалған. 

"Ақтоғай ауданындағы екі тұрғын үй су астында қалып отыр. Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 59 адам, 28 бірлік техника, 12 мотопомпалар жұмылдырылды. Бұл ТЖД, ЖАО, жол қызметі және Полиция департаментінің күштері мен құралдары болып табылады". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Су шайған жол, Павлодар облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 21:23

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Су сору жұмыстары, Павлодар облысы, тас жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 21:23

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өткен тәулікте 90 мың текше метрден астам еріген қар суц сорып алынды, 744 тонна инертті материал төгілді.

Айта кетсек, 9 сәуірде Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: