Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техника мен басқа да гуманитарлық заттар тағы бөлінді

Арнайы техника, мемлекеттік резерв, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 21:23 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мемлекеттік материалдық резервтен тағы да қосымша материалдық қажетті заттар броньнан шығарылып, су тасқыны болып жатқан өңірлерге жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 сәуірдегі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен қосымша 21 арнайы және автомобиль техникасы, сондай-ақ шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ броньнан шығарылып, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарына жіберілді.

"Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және "Резерв" РМК қызметкерлері тауарларды мемлекеттік резервтен босатып, тәулік бойына жұмыс істеп жатыр", делінген хабарламада.

Арнайы техника, мемлекеттік резерв, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 21:23

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекеттік резерв, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 21:23

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекеттік резерв, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 21:23

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 7 сәуірде ҚР ТЖМ табиғи сипаттағы апатты жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы техника мен басқа да қажетті заттар алынғанын хабарлаған еді. Ол кезде 51 арнайы және автомобиль техникасы бөлінген.

6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: