Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысының әкімі өңір тұрғындарына видео үндеу жолдады: Қауіп сейілді...

Асхат Шахаров, видеоүндеу, Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 22:46 Сурет: Facebook/Askhat Shakharov
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 11 сәуірде соңғы 80 жылдағы ауқымды су тасқынына қатысты видео үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің видео үндеуін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайынан сіздерді хабардар ету мақсатында бейнежазбамды жариялап отырмын. Өңірде ахуал тұрақты. Қауіп сейілді. Бірте-бірте бұрынғы қалыпты өмірімізге оралып жатырмыз. Тек қана Ырғыз ауданы - тәуекел аймағында. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техникалар жұмылдырдық. Тұрғындарды да қауіпсіз жерге көшірілуде", - деді Асхат Шахаров.


Сондай-ақ алда тұрған басты міндет - су тасқынының салдарын жою екенін баса атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек берілуде. Бір жолғы әлеуметтік төлемді беру 6 сәуірден басталды. Баспанасыз қалғандарға жаңа үй салынады. Жапа шеккен мал, бүлінген мүлік шығындарын есептеп, өтемақы төлейтін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қабылдаған 3 мыңға жуық өтініштің көп бөлігі қаралып, бағалау жүргізілуде. Кеше де өткен облыстық мәслихат сессиясында су тасқыны салдарын жою үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін тиісті қаражат көлемі бекітілді. Бұл қаражат өңір тұрғындарына бір жолғы төлем және өтемақы беру үшін жұмсалады", - деді өңір басшысы. 

 

Айта кетсек, 11 сәуірде Ақтөбе облысында су басу қаупіне байланысты Мамыр ауылынан адамдарды эвакуациялау басталғаны хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: