ТЖМ Құлсарыдағы кең ауқымды су тасқынын әуеден көрсетті
Сурет: Telegram/qr_tjm
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) 2024 жылы 12 сәуірде соңғы 80 жылдағы ең ауыр су тасқыны - су астында қалған Құлсары қаласын дронның көмегімен әуеден көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство аталған видеоны Telegram-дағы арнасында жариялады.
ҚР ТЖМ құтқарушылары Атырау облысында әлі жұмысын жалғастыруда: Құлсарыда жаппай бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, алдында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысының Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінгені хабарланған.
Сурет: Telegram/qr_tjm
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript