Жаңалықтар тізбегі
0

Құзырлы министрлік: Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ

Су тасқыны, Ресей, Қазақстан, Иреклі су қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 18:40 Сурет: pixabay
Иреклі су қоймасынан (Ресейден) жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су біздің аймаққа 16-17 сәуірде келеді деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі алты облыстың ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін 200 шақырым суару желісін тазартты. Барлығы 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр. Бұл туралы 12 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева мәлімдеді.

Оның айтуынша, каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі.

"Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ ресми өкіл еліміздегі су қоймаларындағы қазіргі жағдайға толығырақ тоқтала өтті:

  • Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып жатыр, Атбасарда су тасқыны бар. Астана су қоймасына түсетін су транзиттік режимде жіберіліп жатыр. Су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Нысанда тәулік бойы мониторинг жасалынады.
  • Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өзен суының арнасынан шығуы жалғасып жатыр. Осы сағатта Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1038 см, ол бір тәулікте 144 см-ге көтерілді. Аймақта күрделі жағдай сақталуда.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 80% су жинады. 
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 97%-ға толды. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі басталды.
  • Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 72%-ға толды. Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.
  • Қарағанды облысында 4 ірі су қоймасы 100% толды, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: