Ақмола облысындағы тағы бір ауданда ТЖ режимі енгізілді

Су тасқыны, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, ТЖ режимі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 20:29 Сурет: Ақмола облысы әкімдігі
12 сәуірде сағат 18:00-ден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның шешімі бойынша Бұланды ауданында ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан әкімі Ардақ Смайылов өз мәлімдемесінде жергілікті халықты қалыптасқан су тасқыны жағдайынан хабардар етті. Аудан әкімі су тасқынынан болатын залалды жою және оны азайтумен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.

"Бүгінде зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерге тексеру жүргізу мақсатында комиссия құрылды", – деді аудан әкімі Ардақ Смайылов.

Әкімнің айтуынша, бірнеше ай ішінде су тасқыны алдындағы кезеңге дайындық бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Су басу қаупі төнген ауылдар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жедел іс-шараларды атқаруға жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өңірдің ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары тартылды. Су басқан үйлердегі барлық тұрғын эвакуацияланды.

Айта кетсек, 10 сәуірде түстен кейін Бурабай ауданындағы Қаражар бөгеті бұзылып, Купчановка, Вознесенка, Капитоновка және Журавлевка ауылдарын су басты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: