Ақмола облысында көлік қатынасы үзілген ауылдан жасөспірім ауруханаға эвакуацияланды

Құтқарушылар, Ақмола облысы, Баракөл ауылы, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 21:55 Сурет: видеодан алынды
16 сәуірде құтқарушылар Жарқайың ауданының Баранкөл ауылынан жасөспірімді эвакуациялап, аудандық ауруханаға шұғыл жеткізді. Бұл ауылмен арада көлік қатынасы үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есіл өзенінің тасуына байланысты Жарқайың ауданының Баранкөл ауылымен көлік қатынасы тыйылып, соған байланысты  аудандық ТЖБ қызметкерлері және облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен қосымша азық-түлік пен дәрілік заттарды тасымалдауда.

Сондай-ақ, ауылдан жасөспірім эвакуацияланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: