Еліміздегі ірі су қоймаларындағы жағдай қандай

Су қоймасы, су тасқыны, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 18:55 Сурет: gov.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева 17 сәуірде ОКҚ-да өткен брифингіде су қоймалары бойынша келіп түскен соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша:

  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірдегі жағдай тұрақты.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен - 80%.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 74%-ға толды. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
  • Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау қарқыны - 80%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 818 см, айта кету керек, қауіпті деңгей - 1250 см саналады.
  • Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы. Жағдай тұрақты.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші - 92%. Екі нысан да штаттық кестеде жұмыс істейді.

"Барлық су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда ауқымды су тасқынынан кейін 57 жаңа су қоймасы салынатыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: