Су тасқыны - 2025: Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы соңғы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.
13 сәуір күнгі жағдай келесідей:
- Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
- Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 53 текше метр, Сілеті су қоймасынан 41,7 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 7,5 текше метр су жіберілуде.
- Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 465 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.
- Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2100 текше метр су жіберілуде.
- Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.
- Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 81,4 текше метр су жіберілуде.
- Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 643,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1348 текше метр су жіберілуде.
Бұған дейін Қазақстанның үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі игерілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз