Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бес оқушының бояудан уланғанын аудандық әкімдік жоққа шығарды

Жедел жәрдем көлігі, оқушылардың улануы, бояу, Алматы облысы, Талғар ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 20:57 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі ауыл мектептерінің бірінде сабақ уақытында бес баланың уланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2024 жылы 17 сәуірде Алматы телеарнасы Талғар ауданы Жалқамыс ауылындағы мектепте сырлау жұмыстары жүргізіліп, салдарынан бес баланың бояудан уланғанын хабарлаған. Сондай-ақ бұл фактіні растаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметін де жариялаған болатын. 

"Жалғамыс дәрігерлік амбулаториясына №15 орта мектепте оқитын бес оқушы жүрек айнуы, бас ауруы және бас айналуы туралы шағымдармен түсті. Диагноз: бояу иісінен улану", - деген еді телеарнаға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Алайда 2024 жылы 18 сәуірде Талғар ауданы әкімдігі Қазақпарат агенттігіне бұл ақпаратты жоққа шығарып, мәлімет берді.

"Талғар аудандық білім бөлімі 16 сәуір күні сағат 16:20-да екінші сабақта 7-сынып оқушысы денсаулығына шағымданғанын хабарлады. Дәрігерлік амбулатория дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оқушыны анасымен бірге оны Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы облыстық балалар ауруханасына жіберді. Дәрігерлер оқушыны тексеріп, анализдер алып, ЖРВИ диагнозын қойды. Оқушының уланғаны расталмады. Бұл ретте бояу иісінен зардап шеккен бес бала туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Әкімдіктен 12 сәуір күні Жалғамыс ауылындағы № 15 мектепте сабақ біткеннен кейін бір сыныптың қабырғасы, едені мен парталары, сондай-ақ қабылдау бөлмесі мен директор кабинетінің едендері сырланғанын атап өтті. Мектеп кабинеттерін сырлау демеушілік қаражат есебінен жүргізілді.

"Мектепке жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Осы талапты орындамаған мектеп директорына "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл мәселе білім басқармасының қатаң бақылауында", — деп толықтырды ведомстводан.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: