Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар жөніндегі министр түнде БҚО-ға қайта оралды

Су тасқыны, БҚО, ТЖ министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2024 09:39 Сурет: primeminister.kz
20 сәуірде Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына қайта келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство басшысы Бөрлі ауданының елдімекендерінде салынған қорғаныс бөгеттерін тексерді.


"Естеріңізге сала кетейік, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің кейбір ауылдарын су басу қаупі әлі де сақталуда. ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды. Қажет болған жағдайда "112" телефонына хабарласыңыздар", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 19 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: