Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынының беті қайтпай тұр
Сурет: видеодан алынды
Торғай өзенінің деңгейі көтерілгендіктен 20 сәуірде Нұра және Белшер ауылдарында бірнеше тұрғын үйді су басты. Нұра, Белшер елдімекендерінің қалған бөлігін және Құйлыс, Жайсаңбай ауылдарын тасқын судан қорғау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аталған елдімекендерде 22 техника, 309 ауыл тұрғыны мен аудан орталығынан көмекке жіберілген еріктілер, 70 әскери қызметкер су тасқынына қарсы жұмыс жүргізуде.
"20 сәуірде Құйлыс ауылынан 14 тұрғын, Мамыр ауылынан 23 тұрғын эвакуацияланды. Осы уақытқа дейін барлығы 958 адам аудан орталығына жеткізіліп, эвакуация пункттеріне орналастырылды", делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, 21 сәуірде Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (850 см) асқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript