Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 4 метрден асты
Сурет: видеодан алынды
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 409 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдай орын алғалы Атырауда Жайық өзенінің деңгейі әрбір 4 сағат сайын өлшенуде. Арнайы мамандар судың деңгейін, ағысын, тереңдігін, енін өлшеп, орташа есеппен секундына қандай көлемде су келе жатқанын есептеуде, деп хабарлайды жедел штаб.
Бақылаушылар шыққан қорытындыны "Қазгидромет" орталығына тапсырады, осылайша, гидрогеологиялық бюллетень жасалады.
"Жайық өзені әдеттегі деңгейінен 2 метрге көтерілді. Бүгін, яғни 21 сәуірде судың жалпы деңгейі 409 см жетті. Судың көп бөлігі болжам бойынша мамыр айының басында келеді. Бізге жеткенше жайылмаларға түсіп, жылдамдығы азаяды деген болжам бар", дейді инженер-гидролог Людмила Приданова.
Жайық өзенінің су деңгейін анықтайтын арнайы гидропостта бірнеше бағана орналасқан.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Атырау қаласында көктемгі су тасқыны кезінде Жайық деңгейінің көтерілуі 440 см-ге жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript