Құлсарыда 300-ден астам жеке тұрғын үй әлі күнге су астында

Құлсарыда 300-ден астам жеке тұрғын үй әлі күнге су астында , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 08:59 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ Құлсарыда су айдау жұмыстары тәулік бойына жүргізіліп жатқанына қарамастан, бүгінде 300-ден астам жеке тұрғын үй әлі күнге су астында екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырда Құлсарыда жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен, су басқан аумақтардан 216 мың текше метрден астам су сорылғаны хабарланған. 

ҚР ТЖМ құтқарушылары су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 2564 үйден 3 миллион текше метрден астам су сорған.

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр: кейінгі тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: