Қостанай облысы тұрғындарынан сабырлық сақтау сұралады

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, Қостанай, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 18:38 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданының тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтау сұралады. Оған себеп - 2024 жылы 4 мамырда сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін аудандық Мәдениет үйінің аумағында жедел штабпен терроризмге қарсы оқу-жаттығулардың өткізілуі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады.

"Осыған байланысты Тәуелсіздік-Астана, Пушкина-Астана көшелері жабылады. Сарыкөл ауданының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз". Терроризмге қарсы Қостанай облысының Сарыкөл аудандық жедел штабы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: