Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдегі қазақ дипломатының әйелі күйеуінің тиран екенін мәлімдеді – СІМ түсініктемесі

Шетелдегі қазақ дипломатының әйелі күйеуінің тиран екенін мәлімдеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2024 17:19 Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісі кеңесшісінің жұбайы күйеуі тарапынан 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатқанын мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі Zakon.kz-ға аталған мәселе бойынша түсініктеме берді.

Карина Мамаш қоғам белсенділерінен көмек сұрап, әлеуметтік желіде өз басындағы жайтты баяндап берді.

Ол 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатқанын айтады. Әйел жұбайын дипломат шенінен айырып, түрмеге қамауын сұрайды.

Оның айтуынша, жақында ғана  ол қонаққа келген әпкесімен қосып өзін де соққыға жыққан.

"Мен мемлекетімнен көмек сұраймын, іштей тынудан, үн-түнсіз төзуден шаршадым", – деді Карина Мамаш.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді.

"Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Одан кейін оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады", делінген ведомстваның жауабында.

2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының жиілеуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейтетін, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізіліп жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: