Жайық жағасындағы бөгеттер осымен төртінші күн толассыз келіп жатқан үлкен суға төтеп беруде
Сурет: ҚР ТЖМ
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елдімекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жалпы ұзындығы 520 шақырымнан асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша, 2024 жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша:
- Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Индербор ауданы - 1026 см. Тәулігіне +12 см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет ауданы - 939 см. Тәулігіне +15 см, шекті деңгейі - 850 см;
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті.
Су тасқыны жағдайы ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript