Павлодар мектебіндегі ТЖ: әкім қауіпсіздік мәселелері бойынша жиналыс өткізбек
Сурет: Instagram.com/khassarkhabylbekov/
Павлодар әкімі Хасар Халыбеков бүгін қауіпсіздік мәселелері талқыланатын үлкен жиналыс өткізбек. Ол бұл шешімді қаладағы мектептерінің бірінің оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақпен жасаған шабуылынан кейін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі №14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім. Ертең мен Павлодар мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиналыс өткізбекпін",- деп жазды әкім өзінің instagram парақшасында.
Оның сөзінше, жиналыста болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешені келісіліп, жедел жүзеге асырылады.
"Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс".Павлодар әкімі Хасар Халыбеков
Еске салайық, 13 мамырда Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін пышақпен жаралады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript