Тауық етіне жасырған: Павлодар тұрғыны тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2024 20:20 Сурет: polisia.kz
Павлодар тұрғыны тергеу изоляторына тауық етіне екі телефон мен үш интернет-роутер жасырып, өткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №63 мекемесінде сәлемдемелерді қабылдау кезінде рентген қондырғысын қолдану арқылы пайдалануға тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді.

Екі телефон, үш роутер, сондай-ақ сим-карталарды 44 жастағы павлодарлық әкелген үш гриль тауықтың ішіне айлалы орап, жасырған.


"Сәлемдеме денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталғанға арналған. Тыйым салынған заттар салынған сәлемдемені сотталғанның танысы әкелген. Рентген қондырғысының арқасында сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді", -  дейді №63 мекеме бастығы Берик Рахимов.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: