Қазақстандық дипломаттың әйеліне жасаған зорлық-зомбылығы туралы: ІІМ қолданылған шаралар жайлы айтты
Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 15 мамырда БАӘ-дегі Қазақстан елшісінің бұрынғы кеңесшісіне қатысты іс тергелу үстінде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дипломаттың жұбайы Карина Мамаш өз тарапына көрсетілген ұрып-соғу туралы мәлімдеген болатын.
Игорь Лепеханың айтуынша, аталған факті бойынша министрлікте қылмыстық іс қозғалған.
"Азаптау фактісі бойынша іс қозғалды. Оның қазір қайда екенін айта алмаймын. Материалдар сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданатын болады. Әзірге сараптама нәтижелерін қарау қажет, жауап алу, сауалнама жүргізу қажет, қазір іс жүргізу әрекеттері жүріп жатыр", - деді спикер мәжіліс отырысында.
Сәкен Мамаштың жұбайына 10 жыл бойы көрсеткен қорлығы туралы 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. Ұрып-соғудан әбден қажыған әйел, қоғамнан көмек сұрап, әлеуметтік желіге өзінің тарихын баяндаған болатын. Ол, өзінің жұбайын дипломат мәртебесінен айырып, түрмеге тоғытуын өтінді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript