Атырау облысында көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді

Көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 09:13 Сурет: Zakon.kz
19 мамырда Атырау облысындағы тас жолдардың бірнеше учаскесінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мына тас жолдарды су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

  • "Атырау-Орал" тас жолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елдімекендері маңындағы жол учаскесі (жүк көліктері үшін).
  • "Атырау-Орал" тас жолының 179-189 шақырымы, Индер елдімекені - БҚО шекарасы.
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынына байланысты "Атырау-Орал" тас жолының 189-492 шақырымында, яғни Орал қаласы - Атырау облысы шекарасы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: