Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда күшікті балалардың көзінше азаптаған ер адам ұсталды

Атырауда күшікті балалардың көзінше азаптаған ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 11:52 Сурет: pixabay
Атырау полицейлері балабақша аумағында күшікті қорлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адам шошырлық кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнеде ер адам балалармен ойнап жүрген күшікке барып, оны қабырғаға бірнеше орасан күшпен лақтырған.

Назар аударыңыз! Бейнеде қатыгез кадрлар бар!

"Күшік тірі қалды алайда емдеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта диагноз жабық бас миының жарақаты болып белгіленді. Жағдайы аса мәз емес, орнынан тұра алмайды, тамақ ішпейді, қайта-қайта құсуда. Қазір еріктінің жеке бақылауында", - деп жазды жазба авторы.

Полиция 30 жастағы күдіктінің ұсталғанын айтты.

"Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Атырауда үй жануарына қатігездік көрсетіп жатса, алматылықтар суға батып бара жатқан күшікті құтқарып әлек болды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: