Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы маңызды ақпаратпен бөлісті

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы маңызды ақпаратпен бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 16:03 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Атырау – Индер" трассасының Атырау қаласына кіреберіс тұсы жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл ақпаратты штаб өзінің Telegram арнасына бүгін, 24 мамырда жүктеді.

"Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты, қалаға кіреберіс тұста "Атырау – Индер" трассасында көліктің барлық түрі үшін, қатынас тоқтатылды.Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – "Атырау – Астрахань" трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Атырау - Орал" трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынас үшін жабық екенін атап өтті.

Бүгін, 24 мамырда судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Атырау маңындағы Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: