Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар толы екі шағын автобусты тежегіші істен шыққан ауыр жүк көлігі қағып кете жаздады

Жол апаты, Ақмола облысы, балалар толы автобус, ауыр жүк көлігі, патрульдік полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2024 14:30 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында балалар толы автобусты ерткен патрульдік полицейлер орын алуы ықтимал жол апатының алдын алды. Олар көлігімен кенеттен тежегіші істен шыққан қарама-қарсыда келе жатқан ауыр жүк көлігінің алдына тұра қалып, бастарын қатерге тікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 24 мамырға қараған түні болды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, екі шағын автобуста жазғы лагерден қайтқан 22 бала болған. 23 мамыр күні түстен кейін Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрді.

"Түнгі сағат 02:15 шамасында Екатеринбург – Астана тас жолымен, Жақсы ауданының аумағында жүріп келе жатқан патрульдік экипаж қарсы жолақ бойымен қозғалған ауыр жүк тасуға арналған көлікті байқайды. Полицейлер жүргізушіге фаралар мен арнайы құрылғы арқылы белгі берді, бірақ жүк көлігі қозғалысын жалғастырды. Кейінірек белгілі болғандай, көлік құралы бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмады. Артында балалардың келе жатқанын түсінген патрульдік экипаж өз өмірлерін қиюға дайын болды", делінген 26 мамырдағы полиция хабарламасында.

Бақытқа орай, соңғы сәтте ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие болып, оны бір жаққа бұрыла алды, алайда соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады: жүк көлігінің тіркемесі патрульдік көлікке механикалық зақым келтірді.

Бүркіт Алшынбаевтың айтуынша, жол бойында белгіленген қашықтықты сақтаған шағын автобустардың жүргізушілері де кәсіпқойлық танытып, апатты жағдайды көріп, тиісті шараларды қабылдап, біртіндеп жол жиегіне шығып кетті. Полицейлердің өздері дұрыс шешім қабылдау үшін 1-2 секунд ғана болды дейді.

"Соққыны өзімізге қабылдауға дайын болдық", – дейді Бүркіт Алшынбаев.

Төтенше жағдай жасағаны үшін жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: