Ақтөбе облысында ауыр жүк көлігі атты адамды қағып, мерт қылды

Атты адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 19:20 Сурет: Zakon.kz
41 жастағы DAF ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Ырғыз ауылы жағынан келе жатып, алдынан шыққан атты адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Мой город" порталы хабарлағандай, қайғылы оқиға 17 ақпанда сағат 18:30-да Самара-Шымкент жолында Қарабұтақ ауылының маңында орын алды. Атты адамның жолды кесіп өтпек болғаны айтылады.

28 жастағы ер адамның тас жолдың маңында мал бағып жүргені нақтыланады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан малшы алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жылқы – аман.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, яғни "Жол ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: