Астанада КАМАЗ жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
Сурет: pixabay
29 желтоқсанда "КАМАЗ" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Ақан сері көшесімен келе жатып, солға бұрылғанда жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшылары қажетті сараптамаларды тағайындады.
"Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге жолда қырағы әрі барынша мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы маңындағы тас жолда ер адамды өлтіргені хабарланған болатын.
Айта кетсек, Ақмола облысында тас жолда 16 көліктің қатысуымен жаппай көлік апаты орын алып, бір адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript