Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
Сурет: Zakon.kz
5 қарашада сағат 22:30-да 29 жастағы Honda Odyssey жүргізушісі Есік ауылында жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция Алтын Адам көшесімен келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.
Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші белгі орнатылмаған жерден жолды кесіп өткен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


