БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 20:25 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды.

"33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апаты кезінде жүргізушінің каннабиоидтарды (марихуана) қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғаны анықталды", делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: