Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды әкімі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерді сынға алды

Қарағанды әкімі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерді сынға алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 11:59 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов қалада жөнделіп жатқан жол учаскелерінің біріне барып, мердігердің жұмыс жылдамдығын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеде қала басшысы жолды жөндеуді тездетуді және қажет болған жағдайда түнге дейін жұмыс істеуді талап етеді.

"Кейде ұрысуға тура келеді. Жұмыстың баяу, ретсіз жүргізіліп жатқаны, өткізу мерзімін ұзартуы, тағысын тағы менің қатты ашуыма тиеді. Четская көшесіндегі автожолдың жөндеу жұмыстарын көріп қайттым. Менің реакциямды бейнеден көруге болады", - деп жазды ол.

Бұдан әрі ол тұрғындарға Федоров өткелінің басынан бастап Волочаевская көшесіндегі айналма жолға дейін 4,5 км жол жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін айтты.

Жазбадағы пікірлер легі екі жаққа жарылды. Кейбірі әкімді мақтаса, енді бірі мұндай сапарларды шоу деп санайды.

  • Камера алдындағы ойын…Бүкіл қала қирап жатыр, сіз тек осы бөлігін байқадыңыз.
  • Жоқ, көрсетілім емес, ол алғаш рет жұмысы көрінген әкім. Соның арқасында қала көркеюде
  • Сіздің орынбасарларыңыз және бас мамандарыңыз қайда? Барлық жерге өзіңіз жүгіретін болсаңыз, оларды не үшін ұстайсыз?
  • Міне, нағыз басшы осындай болуы керек!
  • Бірінші рет көргендей болудың не қажеті бар. Өзіңізге де белігілі ғой, үнемі жолдың үстіңгі қабатын алып тастағаннан немесе шұңқырларды кескеннен кейін бірнеше ай тұрады емес пе. Осындай шоуды ұйымдастырмай-ақ қойсаңыз болатын еді...
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: