Атырау маңындағы су тазарту стансасын тасқын су басып қалды
Сурет: Telegram/oper_shtab_atyrau
28 мамырда Атырау маңындағы су тазарту стансасын тасқын су басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атырау облысы Су арнасы" коммуналдық кәсіпорыны атап өткендей, Амангелді ауылындағы су тазарту стансасының жұмысы уақытша тоқтатылды.
"Соның салдарынан Дамба, Қызыл Балық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына қаладан суық су тартылып, үйлеріңіздегі су қысымы төмендеуі мүмкін. Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстары маусым айына жоспарланған. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.
Бұған дейін Атырауда су тасқыны әлі шыңына жетпегені хабарланған болатын. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript