Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға шақырды

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 09:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды.

"Біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Мемлекетіміз қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен жандарды ақтау, төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін объективті әрі тыңғылықты зерделеу жұмыстарына баса мән беріп отыр. Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алып, оны ұлт жадында сақтай білуіміз керек. Сонда ғана кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, әділетті мемлекет және өркениетті қоғам құру жолындағы биік белестерді бағындыра аламыз", – деп жазды Президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: