Павлодарда ТЖО өртенді

Өрт, Павлодар, ТЖО, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 14:33 Сурет: видеодан алынды
2024 жылы 2 маусымда Павлодар облысының құтқарушылары техникалық жөндеу орталығындағы (ТЖО) өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, 2 маусымда Павлодар қаласында болды.

"Өрт салдарынан үш көлік зақымдалды. Құтқарушылар бір газ баллонын сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын толығымен сөндірілді", делінген хабарламада. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: