Мыңдаған алматылықтарға газ тарифтерінің бағасы төмендеді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда прокуратураның қадағалау актісі бойынша 14 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру үшін өтемдік тариф белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы прокуратурасының 4 маусымдағы мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша Ауэзов ауданының прокуратурасы жеке компанияның іс-әрекетінде газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде тұтынушылардың қаражаты есебінен инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы үстемақысын теріс пайдалану фактісі анықталды.
"Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кету анықталып, негізсіз кіріс алынған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 159 және 164-бабтары бойынша жалпы сомасы 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ, 14 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қалпына келтіру өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілді",- делінген таратылған хабарламада.
3 маусымда Қазақстанда бір жыл ішінде коммуналдық қызметтер қаншаға қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript