Алматы облысында жоғалып кеткен 77 жастағы балықшы екі күннен кейін табылды
Сурет: видеодан алынды
2024 жылдың 8 маусымында 77 жастағы ер адам Балқаш ауданы Қараой ауылының маңындағы Іле өзеніне балық аулауға шыққан болатын. Бірінші болып балықшының туыстары дабыл қағып, оның жоғалғанын құтқару қызметіне жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі тәулік бойы құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен азамат жоғалған жерден 7 шақырым радиуста аэровизуалды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
"Жер үсті жұмыстары да жүріп жатты. Қараой ауылынан оңтүстік-батыс бағытында 30 шақырымнан астам жолды жаяу патруль аралады. Ер адамды тапқан кезде, ол әлсіреп өзен жағалауында жатқан болатын. Ол адасып кеткен екен", делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген құтқарушылар балықшыға алғашқы көмек көрсетіп, оны елдімекенге жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript